Көбейтіндіні табыңыз:
\(\displaystyle 7,32 \cdot 0,781=\) \(\displaystyle ,\)
егер \(\displaystyle 732\cdot 781=571692\) екені белгілі болса.
Ондық бөлшектерді көбейту
Ондық бөлшектерді көбейту үшін төмендегілерді орындау қажет:
1) әрқайсысында үтірден кейін қанша разряд болғанын есте сақтай отырып, осы бөлшектердің үтірлерін алып тастау және алынған натурал сандарды көбейту;
2) көбейтіндіде оңнан солға (\(\displaystyle \leftarrow\)) ондық бөлшектердің екеуінде де үтірден кейін барлығы қанша разряд болса, сонша цифрды санап, сол жерге үтір қою (қажет болса, сол жақтан қажетті нөлдерді қосуға болады).
| Ондық бөлшек | Көбейту | Ондық бөлшек |
| \(\displaystyle \leftarrow\) | \(\displaystyle \times\) | \(\displaystyle \leftarrow\) |
1. Бірінші амал:
\(\displaystyle 7,32\rightarrow 732\) (үтірден кейін екі разряд болды),
\(\displaystyle 0,781\rightarrow 0781 \rightarrow 781\) (үтірден кейін үш разряд болды),
\(\displaystyle 732\cdot 781=571692\).
2. Екінші амал:
| \(\displaystyle 732\) | \(\displaystyle \times\) | \(\displaystyle 781\) | \(\displaystyle =\) | \(\displaystyle 571692\) |
| \(\displaystyle \leftarrow\) | \(\displaystyle \leftarrow\) | \(\displaystyle \leftarrow\) | ||
| \(\displaystyle 2\) разряд солға | және | \(\displaystyle 3\) разряд солға | = | \(\displaystyle 2+3=5\) разряд солға |
Осылайша, көбейтіндіде оңнан солға қарай (\(\displaystyle \leftarrow\)) \(\displaystyle 2+3=5\) разряд санап, үтір қоямыз:
\(\displaystyle 571692=571692, \rightarrow 5,71692\).
Жауабы: \(\displaystyle 7,32\cdot 0,781=5,71692\).